ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған жеріме ән арнаймын
09-12-2016 06:20
Туған жеріме ән арнаймын

Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жеке ән айту және ансамбльмен айту бөлімінде «Туған жерім - ән өлкем» конкурсы өтті. Конкурсқа бөлімнің 15 оқушысы қатысты.

Қатысушылар конкурсқа шығармашылықпен дайындалды. Жарқын костюмдер, туған жер, әлем, мейірім мен әдемілік туралы көңіл толқытар әндерді орындау, туған елдің тарихы мен мәдениетін білу залда бірліктің бар екенін байқатты.

Жан-жақты қазылар алқасы конкурсанттардың музыкалық деңгейін, дыбыс сапасы, тембр әдемілігі, образды шығармашылықпен көрсеу, ел тарихын білу деңгейін бағалады. Конкурс қорытындылары бойынша Досанова Дина, Жунусова Аделя І орын, Рудик Яна, Лосева Дарья, вокал триосы - Новосельцев Роман, Келден Әлихан және Ляхов Артем ІІ орын, Каркада Анастасия, Бекімұрат Әділ, Скорикова Мария, Кузьмина Влада ІІІ орын алды.

Барлық қатысушылар, конкурс жеңімпаздары грамоталар және тәтті сыйлықтармен марапатталды.