ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа форматтағы емтиханға дайындық
06-12-2016 04:16
Жаңа форматтағы емтиханға дайындық

2017 жылғы түлектердің қорытынды аттестациясын бағалау бойынша жаңа тәсіліне негізделе отырып, Павлодар қаласының білім беру ұйымы оқушылар мен мұғалімдерге жаңа ережелерге және дайындыққа түсінік беру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде.

11 сыныпта жұмыс істейтін 126 мұғалімге, солардың ішінде 64 қазақ және орыс тілі мұғалімдері, 62 математика пәні мұғалімдеріне 2-күндік семинар-практикум өткізілді. Жаңа форматта емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік емес ұйымдардың тәжірибелері қолданылып жүр. Мектеп директорларының орынбасарлары үшін Алматы қаласындағы «EDUCON» білім беру орталығының өкілдері кездесу өткізілді. «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлердідайындау мақсатында № 22, 29 ЖОМ әр бейсенбі күндері сабақтар жүргізілуде, демалыс уақытында қала мектептерінде қосымша сабақтар өткізіледі. Желтоқсан айында қала мектептерінің түлектері арасында математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы бойынша олимпиада өткізіледі.

Өзгерутелер бойынша түсінік жұмыстары сынып және ата-аналар жиналысы арқылы, жеке жұмыстар арқылы, конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер арқылы, мектеп сайттарының жұмыстары арқылы жүзеге асырылуда, мектептерде жаңа форматтағы қорытынды аттестацияға дайындық бойынша ақпараттық стендттер рәсімделген.