«Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасының финалдық кезеңінде «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты номинациясында № 20 мектеп-лицейінің психологы Динара Баильдинова II орынға қол жеткізді, III орында № 36 ЖОМ-нің психологы Оксана Камшук болса, «Ең үздік әдістемелік құрал» атты номинациясы бойынша Павлодар қаласы № 34 ЖОМ-нің психологы Виктория Фольц II орынды иеленді.
Бұл сайыстың сарапшылар құрамында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдерінен, Облыстық білім беру басқармасының білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының өкілдері, Павлодар қаласының мектептері болды.
Жобаларды қорғау М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында өтіп, Павлодар, Ақсу қаласы және Екібастұз, Успен және Ертіс аудандарының 13 психологтары өз авторлық жобаларын ұсынды.
«Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасында Павлодар облысы білім беру ұйымдарынан 30 психолог қатысты.