ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкамен таныстыру
29-11-2016 03:26
Музыкамен таныстыру

2016 жылғы 25 қарашада Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Бірінші сынып оқушыларын музыкамен таныстыру» мектепішілік мерекелік іс-шара табысты өтті.

Бұл мекекенің басты қонағы бірінші сынып оқушылары болды. Мектептің концерт залы жас музыкантшыларды ұлы, таңғаларлық өнер - музыкамен кездесуге шақырды.

Мектеп оқушылары және педагогтары жарқын, әсерлі театрландырылған көрініске қатысты. Карлсон және Полина секілді кейіпкерлер балаларды нота сауаттылығының негіздерімен таныстырды. Бірінші сынып оқушылары жұмбақтарды шешуге үлкен құлшыныспен араласып, көріністің басты кейіпкерлеріне қиындықтарды жеңе білуіне көмек етті.

Рояльдің сиқырлы дыбысы, гитара, скрипканың бас айналдырар үні, саксофон және баянның таңғаларлық тембры, әуезді ән ерекше сезімге жетеледі. Іс-шараның әрбір нөмірі жас музыканттарды музыкалық құралдармен таныстыра білді. Балаларымыз Г. Гладкованың «По следам бременских музыкантов», Л.Жульеваның «Вальс собачек» сазды әндерін шаттықпен тыңдады.

Бұл мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Жас музыкантшыларға арналған тамаша мереке тәтті сыйлықтар берумен аяқталды.