ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының Әнұраны
23-11-2016 05:13
Қазақстан Республикасының Әнұраны
111

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша шаралар жоспарының шеңберінде Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 22 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының мәтінін білу бойынша шаралар өтті.

Қаланың 43 мектептерінде осы күні салтанатты жиындар, сынып сағаттары, конкурстық бағдарламалар өткізілді. Бағалау келесідей критериялар бойынша жүргізілді: мәтінін білу, музыкалық орындалуы, сахналық мәдениеті. Шараларға мектептердің 5000 астам оқушылары қатысты.

Осындай конкурстар оқушылардың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін тәрбиелейді және өз еліне деген мақтаныш сезімін тудырады.

Конкурс қортындысы бойынша мектептердің оқушылары еліміздің басты рәмізін білетіндігін және құрметпен қарайтындығын айтуға болады.