ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақша күрес бойынша облыстық жарыстың жүлдегерлері
23-11-2016 03:38
Қазақша күрес бойынша облыстық жарыстың жүлдегерлері
img-20161121-wa0009

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Жеңіс» бөлімшесінің тоғыз тәрбиеленушісі қазақша күрес бойынша болған облыстық жарысқа қатысты. Жарыста 44 кг салмақта III орынды Каптюх Ксения, ол № 39 ЖОМ 6 сыныбында оқиды және 50 салмақта Алигожин Рахат, № 22 ЖОМ 8 сынып оқушысы иеленді, «Шапшаң жеңіс» номинациясын +66 кг салмақта № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Абенов Мейрхан иеленді, қазақша күрес үйірмесінің жаттықтырушылары Нуртазинов Талгат Мухамеджанович, Токкожин Азамат Оразгельдинович.

Каптюх Ксения және Алигожин Рахат үйірмеге 2011 жылдан бері қатысуда. Алигожин Рахат 2014 жылғы қысқы демалыс сыйлығы үшін өткен қазақша күрес бойынша қалалық жарыстың жеңімпазы болған, және 2015 жылғы самбо бойынша жарыстың, 2016 жылғы күзгі демалыс сыйлығы үшін өткен қалалық жарыстың жеңімпазы болған. Абенов Мейрхан үйірмеге 2013 жылдан бері қатысады, 2014 жылғы қысқы демалыс сыйлығы үшін өткен қалалық жарыстың жеңімпазы болған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, 2002 - 2004 жылдары дүниеге келген ұл-қыздар арасындағы қазақша күрес бойынша сайыс 2016 жылдың 18 - 20 қарашасында Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институттың спорт залында болды. Жарысқа Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстарынан келген топтар, жалпы 110 адам қатысты.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының балалардың қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын қамтитын 16 аула клубы қызмет етеді. Клубтарда акт залдар, спорт залдар, сабақ өткізуге жабдықталған кабинеттер бар. Оларда келесі бағыттардағы 127 үйірме бар: көркем-эстетикалық, сурет салу өнері, дене шынықтыру-спорттық, лингвистикалық, көркем-қолданбалы өнер, ғылыми-техникалық. Сонымен қатар хореографиямен, бал және халық билерімен, вокалмен, мемлекеттік тілде мектепке даярлық үйірмелері білімгерлік бағытта тереңдете білім алуға мүмкіндік береді. Клубтардағы білім-тәрбие беру үрдісі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тегін жүргізіледі.

Клубтар ашық есіктер күнін, ата-аналардың қатысуымен іс-шаралар өткізеді, тәрбиеленушілер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатыстады.