ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор орынбасарлары мектебінің отырысы
22-11-2016 03:13
Жас директор орынбасарлары мектебінің отырысы
img_4474

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жалпы білім беру мектептерінің жас директор орынбасарларына әдістемелік көмегін беруді жалғастыруда. Тәжірибесі 3 жылдан кем директор орынбасарларының қатысуымен жас директор орынбасарларының кезекті отырысы № 34 ЖОМ базасында өтті. Қала мектептерінде 40 астам мектеп директорының жас орынбасарлары жұмыс істеуде.

Бұл отырыста № 34 ЖОМ директор орынбасарлары Т. А. Савченко, Ж. А. Муталипова аттестаттауды өткізу ережесіне қосымшалар мен өзгертулерді енгізу туралы, педагогикалық кадрларды аттестаттаудан өткізудің нормативтік-құқықтық базасы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігіне жоспарлы түрде және кезектен тыс сараптама жүргізу барысында туындаған мәселелерге жеке - дара кеңес беру туралы шешім қабылданды. Мектеп психологі В. В. Фольц білім беру үрдісі мен мектеп әкімшілігі және психологиялық қызметтердің өзара ықпалдастығын психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру бойынша теориялық және тәжірибелік материалдар ұсынды. Мектеп директорларының орынбасарлары өз жұмыстарымен бөлісіп, құжаттарды жүргізу мен мониторингтің материалдарымен таныстырды. Жас орынбасарларға практикалық көмек көрсету бойынша мектеп отырыстары айына бір рет өткізіледі. Бір ай көлемінде сұраныс бойынша электрондық дайджест пен виртуалдық онлайн қабылдау жұмыс істейтін болады.