ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сахнада неміс тілі
18-11-2016 03:39
Сахнада неміс тілі

«Сахнада неміс тілі» ІІ Жастар театр фестивалінде Павлодар қаласы № 36 ЖОМ неміс тілін меңгеру үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар Беттина Вегенастың «Қасқыр болу» атты пьесасын көрсетті. Пьеса негізінде гуманизм идеясы және қоғамның жағдайына қарамастан ар мен намысын сақтап қалу туралы.

Фестиваль нәтижесінде 10-сынып оқушылары: Панченко Кирилл, Чистяков Роман, Артемов Никита, Дюсенова Дайяна, Першина Александра ІІ орынға ие болды. Үйірме жетекші, неміс тілі мұғалімі Қорлан Қабдоллақызы Демеуова былай дейді: «Оқушылар үлкен сахнада актерлік рөлінде өздерін көрсетуге тырысқаны үшін қатты риза болып, қуаныштарын білдірді».

Фестиваль қатысушыларына арнап тренингтер ұйымдастырылды. Мұнда оқушыларға актерлік шеберлігімен, яғни дұрыс тыныс алу, дикцияға, түрлі әрекет пен қимылдарға үйретті. Болашақ тілшілерге арнайы мастер-классөткізілді. Онда біздің оқушылар Анафина Сабина, Бабенко Ольга, Костючек Карина өздерін тілші ретінде сынап көрді. Әр спектакльден кейін осы болашақ тілшілеріміз көрермендерден және актерлерден сұхбат алды.

Фестиваль Республикалық неміс драм театрдың қолдауымен Алматы қаласы, Гете атындағы институтта қараша айының 11 - 13 аралығында өтті. Осы қазіргі неміс драматургияға арналған іс-шараға 13 - 20 жас аралығындағы неміс тілін меңгеруші жасөспірімдер, мамандырылған актерлер емес - Павлодар қаласынан № 36 ЖОМ оқушылары, Ақтөбе қаласының № 11 ЖОМ оқушылары және Өскемен қаласының Қазақстан-Америка Еркін университеті, Алматы қаласының Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының студенттері, Қарағанды қаласы «Grashuepfer» КНМ театр тобы, Семей қаласының театр студиясы, Астана қаласының БҰҰ «Возрождение» «Диамант» атты әлеуметтік театры қатысты.