ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар үшін интернет олимпиада
17-11-2016 11:09
Оқушылар үшін интернет олимпиада

Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің 10 - 11 сынып оқушылары жыл сайын жалпы оқыту пәндері бойынша Республикалық ғылыми тәжірибелік «Дарын» орталығы «Қазақстан Интернет олимпиадалары» порталымен бірігіп, өткізілетін олмпиадаларға қатысады.

Ағылшын тілі олимпиадасының қорытындысы бойынша 2016 жылдың қараша айында 10 сынып оқушылары Сабина Байгожина және Дильназ Дюсенбаева I дәрежелі дипломдарды жеңіп алды. Қатысушылардың айтуы бойынша осындай олимпиадалар пәнді терең оқып білуге және сыни логикалық ойлауды дамытуға, мүмкіншілік береді, ЖОО түсу дайындығына әсер етеді. Оқушыларды I санатты мұғалім, ағылшын тілі мұғалімдер аралығында өткен Қазақстан интернет олимпиадасында II орын және күміс нәтижелі сертификатымен II дәрежелідиплом алған Жанар Мырзабековна Нурмаханова дайындады. Қазір қыздар қалалық пән олимпиадасына дайындалып, алған тәжірибелері дәрежелі нәтиже беретіне үмітті.

Өткен оқу жылында рейтинг жинақ сандығына лицейдің 30 оқушысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен, математика және физикадан I, II, III орын грамоталарын салды. «Лицейлықтар мен пән-мұғалімдері, Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығымен өткізілетін олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстар дайындығымен және қатысуына үлкен қызығушылықпен қарайды. Олар өздерінің білім деңгейлерін тексеруге мүмкіншілік алғандарымен қоймай, өз бетімен оқуға дағдыланып, күштерінің сенімділіктерін арттырады», - деп лицей директоры ГүльнарТуияковна Топанова анықтады.

Интернет олимпиадаларының мақсаты дарынды оқушыларды анықтап және қолдап, интеллектуалдық сайыстарға қатысуына ынталандыру.