Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ALMATY TOMORROW» пленэр-шеберлік сағаты
16-11-2016 09:14
«ALMATY TOMORROW» пленэр-шеберлік сағаты

Павлодар қаласының № 2 көркемсурет мектебінің оқушылары жетекшілері Степанко Раиса Петровнамен Алматы қаласындағы «Арман дала» балалар демалыс орталығында ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «ALMATY TOMORROW» пленэр-шеберлік сағатына қатысты. Абдрахманова Зарина, Биарстанова Анель, Захаркин Тимофей, Иманкулова Азиза, Калиева Жанель, Квятковская Арина, Машрап Ахмеди, Юминов Даниил және Шалабаев Ардақты Оңтүстік астана өзінің ерекше әсемдігімен, жұпар алмаларымен қуантты. Сонымен бірге, заманауи мегаполис Алматы өзінің тарихи ескерткіштерімен, заманауи шығармашылық құбылыстарымен, жаңа идеяларымен, технологияларымен таңқалдырды.

Осы сапардан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн бойынша қосымша білім беретін білім ордасының шәкірттерімен мұғалімдер қауымы керемет әсер, қуаталды. Иван Викторович Ардашовтың «Групповой портрет» шеберлік сағаты түрлілігімен, табиғи орындаушылығымен әсерлі болды. Ибрагимов Мерей Нұрғазыұлының фьюзинг бойынша шыныны ыстық пеште балқыту шеберлік сағаты оқушылардың бойына шығармашылық шабыт бергендей болды. Пабло Пикассоның суреті бойынша орындаған Беликова Ольга Анатольевнаның композициясының шешімі батылдығымен ерекшеленді. Рыжинская Елена Дмитриевнаның «Стрит-Арт» жұмысы пленэр қатысушыларын ландшафтық дизайнге,балалар «рабица» торыныңкөмегімен түрлі композициялар құрастыруға үйренді.

Қастеев атындағы мектептің оқытушыларынан басқа Қазақстандық және жақын шетелдік суретшілер де шеберлік сағатын өткізді. Белорусь Республикасының суретшісі Прокофьева Тамараның « Казахстанский алфавит» жұмысы мәдени ескерткіштерді бейнелеуде жаңа шешімге үйретті. Шымкент қаласыныңсуретшілер одағының, Қазақстан Республикасының дизайнерлер одағының мүшесі Уколов Владимир Петрович өзінің «Осенний пейзаж» бойынша өткізген шеберлік сағатында акварельмен жұмыс істеу дағдысына үйретті.

Оқушылар 2016 жылдың ақпан - сәуір айларында өткен «Әлем бала көзімен. Алматы» атты байқау қорытындысына орай шығарылған жаңа альбом – каталогтың тұсаукесеріне қатысты.

Пленэр «Әлем бала көзімен» атты қор ұйымының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұлттық комиссиясы Орталық Азия, Қастеев атындағы бейнелуе өнері мектебі шығармашылық білім мен мәдени байланыстағы ЮНЕСКО обсерваториясының қолдауымен ұйымдастырылды. Ол Алматы қаласының 1000 жылдығы және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Пленэрде 260 бала Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысты.

Мектеп директоры Герусова Наталья Васильевна: «Оқушыларға бұл сапардың ұнағаны сонша, олардың тағы да жаңалықтар білгісі келді. Олар Алматыға пленэрге тағы да барғысы келіп, жаңа әсерлер мен идеялар, қызықты жұмыстар алып келді», - деді.