ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Күншуақ» республикалық конкурсының бас жүлдесі
15-11-2016 09:44
«Күншуақ» республикалық конкурсының бас жүлдесі

20161115_104448-1

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Күншуақ» республикалық фестиваль-конкурсының қорытындысы бойынша Кенжекөл ауылы балалар музыкалық мектебінің 4-сынып оқушысы Рахимов Ислам бас-жүлдені иеленді. Ислам Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 49 конкурсқа қатысушылармен 11 - 13 жас аралығындағы орта топта аспаптық музыка номинациясы (соло домбра) бойынша қатысты. Оның орындауында Қыздарбектің «Сылқым қыз» шертпе күйі, орыстың халық әні «Коробейники» орындалды.

«Қазылар алқасы біздің оқушымыздың жоғары деңгейде орындағанын атап өтті. Біз үшін бұл еңбегіміздің жоғары бағасы деп санаймыз. Бұл нәтиже педагогтарымыздың кәсіпқорлығын тағы бір мәрте растап отыр. Исламның домбырадан үйретуші-педагогі Қапиза Сағадатқызы Садвокасова, концертмейстері Андрей Владимирович Серов. Ислам екінші жыл қатарымен республикалық сайыстарда өзінің жоғары деңгейде орындаушылығын дәлелдеп отыр - 2015 жылы ол Семей қаласында өткен, Латифа Хамиди атындағы республикалық конкурста бас-жүлде иегері атанған», - дейді музыкалық мектептің директоры Шамшия Рахымжанқызы Джагопарова.

Фестиваль-конкурс 6 номинация бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық музыка, сән театры, театр, көркем сөз оқу. Қатысушылардың орындаулары жабық дауыс беру арқылы жүргізілді. Қазылар алқасының құрамына музыка, хореография саласындағы жоғары білікті мамандар, Қазақстан Республикасының өнердегі еңбегі сіңген қайраткерлері шақырылды.

Фестиваль-конкурстың мақсаты - балалар шығармашылық ұжымдарын дамыту, сайыстың зор рухын жасау, балалар ұжымдары арасында шығармашылық байланыс орнату, шығармашылық ұжымдар жұмыстарының салыстырмалы бағасын беру, педагогтардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету болды. Конкурс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, көп тәжірибе, шексіз эмоция сыйлады.