ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор мектебі
15-11-2016 09:15
Жас директор мектебі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті директор лауазымы бойынша жаңа бастаған мектеп директорларының әдістемелік басқару жағынан кәсіби өсуі бойынша жоспарлы жұмысын өткізді.

Жас директор мектебінде мектеп отырысынұйымдастыру бойынша көмек көрсететін жұмыс тобы құрылды, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету банкі қалыптастырылды, әдістемелік әдебиет бойынша аңдатпа тізімдемесі құрастырылған.

Кезекті Мектеп отырысында қаржы-құқықтық жалпыға міндетті оқу сұрақтары қарастырылды. Басшылар бюджетті жоспарлау, күрделі мен жеңіл-желпі мектеп жөндеудің сметасын құрастыру, білім беру қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесі, бюджеттік қаражатты меңгеру туралы кеңес алды. Бұл аталған сұрақтарды талқылап және кеңес берген мемлекеттік қызметкерлерді дайындау аймақтық орталығының оқытушылары З. А. Резванова, А. М. Әбенова.

Қатысушылар келесі отырысқа мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша сұрақтарын анықтап алды. «Жас директор мектебі мектеп алдында тұрған міндеттерге сәйкес, әртүрлі сұрақтарды қарастырады: басқару мен бақылау бойынша мектеп директорының қызметі, педагогикалық кадрлар құрамымен жұмысы, экономикалық және құқықтық жалпыға міндетті оқу, мектеп жұмысының мазмұны мен құрылымы, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері», - дейді мектеп жетекшісі, білім беру бөлімінің кабинет меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова.