ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп мұражайында жаңа экспозиция
14-11-2016 11:51
Мектеп мұражайында жаңа экспозиция

img-20161114-wa0016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және Панфиловшылар батырлар ерлігіне 75 жылдығына орай Павлодар қаласының № 14 ЖОМ-інде Ерлік Даңқ мұражайында жаңа экспозиция ашылды. Ашылу рәсімінде қонақтар арасында жастар арасында патриоттық тәрбие мұражайдың жұмысын жоғары бағалаған Ауғанстан ардагерлер кеңесінің төрағасы Майкотов Б. Н., және қалалық Ассоциация әскери-патриоттық тәрбиелеудің төрағасы Николашин О. В., Павлодар қаласының Ерлік Даңқ мұражайының меңгерушісі Тыштыков Р. Н. болды.

Мектептің 10 сынып оқушылары қонақтарға жаңа экспонаттардың қан соғыстағы бостандық үшін күрескенде куәгер болған жауынгерлердің танкыға қарсы мина, граната Ф-1, жауынгердің ыдысы, қасығы, қаруға жағатын майы, снарядтың сынықтары, патронның гильзалары туралы толық мәлімет берді. Экспозицияда атақты Панфиловшылар дивизия орнынан мектептегі алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі, «Панфиловшылар» іздестіру отрядының жетекшісі Бакытжан Кырыкушевич Утеповтың басқаруымен әкелінген экспонаттарға ерекше орын берілген. Құнды экспонаттар бөліміне басқа да: Ұлы Отан Соғысының жауынгерінің куәлігі, Куйбышев ауданы 1918 жылы туған тумасы Искаков Тукен Жеңіс күніне орай медалі, Ұлы Отан Соғысы бірінші дәрежелі куәлігі бар. Ресейдің «Панфиловец» Волокаламск аудандық қоғамдық ұйымдарынан және Псковск облысының «Новоржев» қалалық орнынан жіберілген мектеп директоры Ә. Ә Әжібаеваға, алғашқы әскери дайындықтың оқытушысы Б. Қ. Утеповқа жіберілген алғыс хаттарымен қонақтарға танысытырып өтті.

«Панфиловшылар» іздестіру отряды Москва облысында Волокаламск ауданында 251 биіктігінде 1941 жылдың қараша айында 28 батыр-панфиловшылардың фашист танкілерін тоқтатып ерлік жасағаны туралы жұмыс жүргізді. Осы батырлар арасында Қазақстанның тумалары да аз емес», - деп атап өтті Б. Қ. Утепов.