ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану бойынша республикалық олимпиада қорытындысы
14-11-2016 10:17
Өзін-өзі тану бойынша республикалық олимпиада қорытындысы

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша өзін-өзі танудан ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тусупбекова Дамира марапатталды. Дамира өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиада кезеңінің 2016 жылғы жеңімпазы, Кенгуру-математика республикалық сайысының 2015 жылғы жеңімпазы, «Жас толқын» жас журналистер клубының белсенді қатысушысы, «Кенжеколь жастары» облыстық КВН командасының мүшесі.

Олимпиада Алматы қаласының «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, оқу және сауықтыру орталығында 2016 жылы 8 - 11 қараша күндері өтті. Олимпиада балаларға өнегелі-рухани білім беру, кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсету, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын таныту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ынталандыру мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстанның 14 облысынан 7 - 9 сыныптардың 80 оқушысы қатысты. Павлодар облысының намысын облыстық кезеңінің 4 жеңімпазы қорғады. Олимпиада қатысушылары ұсынылған тақырыптарға сәйкес эссе жазды және «Бес құндылық» тақырыбында командалық конкурстық-презентация жасады.