ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаһармандардың оқушылармен кездесуі
11-11-2016 12:01
Қаһармандардың оқушылармен кездесуі
%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-37-1

«Қазіргі заман қаһармандары» Республикалық науқаны аясында Павлодар қаласының № 16, 24, 25, 37 мектептерінде бейбіт кезеңде өз қызметін атқару барысында ерлік жасаған Қазақстан Республикасының қаһармандарымен кездесу өткізілді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің өкілдері ішінен Астана, Алматы қалаларынан және 7 облыстан 13 қаһарман қонаққа келді. Кездесудің басты мақсаты - оқушылардың азаматтығы мен патриотизімін және өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, өз Отанына - Қазақстан Республикасына зор сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу, өз Отанын қорғаудағы конститутциялық міндеттері мен азаматтық борышын өтеуге әрдайым дайын болуға тәрбиелеу.

Кездесуге 1000-ға тарта 8 - 11 сынып оқушылары қатысты. Шара қаһармандарды қарсы алудан басталды. Мектеп оркестрінің әуенімен оқушылар мектептің кіре берісінде қонақтарды жалаулар мен шарларын ұстап, салтанатты түрде қарсы алды.

Кездесу барысында қонақтар өздерінің ерлік істерін бейнежазба арқылы көрсете отырып, қызықты баяндай алды. Қонақтар жас маман, еңбек ардагерлері және оқушылардың сұрақтарына жауап бере білді.

Ұстаздар мен оқушылар өздерінің шын алғыстарын білдірдіп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.