ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар еріктілер қозғалысын дамыту
10-11-2016 09:34
Балалар еріктілер қозғалысын дамыту

«Біріңғай ұлт болашағы» Мәңгілік ел патриоттық акт шеңбері аясында Павлодар қаласындағы № 17 бала-бақшасы «Жүректен жүрекке» атты еріктілер қозғалысын құрды. Еріктілер жұмысы «Евразия» телеарнасының қатысуымен іске асырылмақ. Мақсаты - қаламыздағы еріктілер қозғалысын дамыту, балаларды жан-жақты дамыту, тәрбиеленушілерді белсенді өмірге бейімдеу.

Мектепке дейінгі ұйыммен және № 52 бала-бақша арасында ынтымақтастық тәртібі құрылды, жоспары жасалынды. Еріктілер мүшесіне ересек тобының 15 тәрбиеленушісі қатысады. «Мектепке дейінгі ересек тобының балалары еріктілер қозғалысына қатысуға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдірді. Бұл іс балаларға қуаныш сыйлауға, жаңа достар табуға, коммуникативті дағды мен білім беру мүмкіндік береді», - деп атап өтті бала-бақша басшысы Татьяна Вячеславовна Гончарова.

Қазіргі уақытта «Шалқан» спектакліне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тәрбиешілер мен балалар және ата-аналар костюмдерін, атрибуттарды, рөлдерді дайындауда. Спектакльді 16 қараша күні № 52 бала-бақшасында өткізу жоспарланып отыр. «Қызыл телпек», «Алдар көсе хикаялары» спектакльдерді, балаларды Қорғау күніне орай концерт өткізу жоспарлануда.