Әлеуметтік ұстаз лауазымының облыста алғышқы рет пайда болғанына 15 жылы білінбей өте шықты. Мұндай қажеттіліктің пайда болуы уақыт талабына байланысты. Қоғамға әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағандарға әлеуметтік көмек көрсете алатын адам қажет болды. Бұл жұмысқа негізінде сайыс жүргізу арқылы алғашқыда 20-дан астам ұстаз-әйелдер өтті. Дайындау курстары Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінің ғимаратында әдіскер-ұстаз Гаухар Каиржановна Даниярованың жетекшілігімен басталды, ол болашақ әлеуметтік педагогтармен өзінің білгендерімен бөлісті.
2002 жылдың ақпанынан бастап әлеуметтік ұстаздар жалпы білім беру мектептеріне ресми түрде қабылданды. Бүгінгі таңда Павлодар қаласының 43 мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде 43 әлеуметтік ұстаз жұмыс жасайды, олардың ішінде 41 -і жоғары білімді, бұл 95,3%-ты құрайды, 2 ұстаз орта арнаулы білімді. 43 әлеуметтік ұстаздың ішінде 15 -нің 3 -10 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, 25 ұстаз жас маман. № 15 ЖОМ мен № 12 ЖОМ-нің әлеуметтік ұстаздары Гульнар Кабиолловна Сейсембаева, Сауле Зайкеновна Арынова қаланған негізінен бастап жұмыс жасауда.
Педагогтар 4115 аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға, 305 жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Мәселені уақытылы шешу үшін оқушылардың психологиялық-әдістемелік-педагогикалық ерекшелігін, отбасындағы тұрмыс жағдайын қарастырады, олардың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, мәселелерін анықтайды, олардың құқықтарын қорғайды, жеке құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетеді.


