ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар облыстық конкурсының қорытындысы
08-11-2016 11:17

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі Диплом иегерлері: Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің мұғалімі Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаев, № 35 ЖОМ мұғалімі Айбек Камиль. ІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Павлодар қаласының № 1 ЖОМ мұғалімі Гүлмира Шамуритқызы Оспанова, № 9 ЖОМ мұғалімі Гулчехра Асанқызы Тоқсанбаева, № 34 ЖОМ мұғалімдері Илья Олегович Поляков, Татьяна Алексеевна Савченко. ІІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Павлодар қаласының № 9 ЖОМ мұғалімі Бибигүл Қоңырқызы Мұхтизарова, № 9 ЖОМ оқушылары Нұрбек Дулат, Данияр Хасенов, № 13, № 16, № 11 ЖОМ мұғалімдері Арайлым Қонақбайқызы Бексейітова, Айгүл Сәбитқызы Қабдырақышева, Әсем Геннадийқызы Қайырбаева, Әлия Сәбитқызы Жұмабаева.

Конкурс жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды.

2016 жылғы 4 қарашада Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы дәстүрлі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізді. Конкурс білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық тәсілдерді анықтап таратуға, облыс білім беру мекемелерін инновациялық іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған.

Облыстық конкурсқа ұсынылған 150 жобаның (Павлодар қаласы - 46, Аксу қаласы - 5, Екібастуз қаласы - 1, Баянауыл ауданынан - 1, Железин - 33, Ертіс - 1, Қашыр -11, Лебяжі - 3, Май - 11, Павлодар - 2, Успен - 3, Щербакты - 4, мамандандырылған мектептерден - 19, Павлодар көлік және коммуниуация колледжінен - 10) ақтық кезеңіне 132 жұмыс өтті. Конкурс 9 бағыт бойынша өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша 39 жоба авторлары жеңімпаз атанды.

Конкурс комиссиясы Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының өкілдерінен құрылған: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ақпараттық білім беру орталығының директоры Сержан Еғламбекұлы Каппаров, техникалық ғылымдарының кандидаты, информатика кафедрасының меңгерушісі Асен Жетпісбайұлы Асамбаев, Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің математика мен ақпараттық технология кафедрасының аға оқытушысы Галина Михайловна Ткач, «Өрлеу» Ұлттық біліктілігін арттыру орталығы» АҚ филиалы ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі, «Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының магистры Ардақ Болатқанқызы Закарьянова.