ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зерде зерртеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық кезең қорытындысы
08-11-2016 04:37
Зерде зерртеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық кезең қорытындысы

1 - 7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» XII республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 126 жобаның авторлары (153 қатысушы) жеңімпаз атанды, оның ішінде I орынды 15 жобаның авторы (21 қатысушы), II орынды - 44 жобаның авторы (52 қатысушы), III орынды - 67 жобаның авторы (80 қатысушы) жеңімпаз атанды.

Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары 43 орын иеленді, соның ішінде І орын - 6, ІІ орын - 14, ІІІ орын -3. Жоғарғы рейтинг көрсеткен Павлодар қаласы № 21, 25, 34, 36, 39 ЖОМ, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы, «Жас дарын» мектебі, Абай атындағы № 10 лицей-мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты, Екібастұз қаласының № 1 лицей-мектебі, Ертіс ауданы мектептерінің оқушылары. Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 1 сынып оқушылары Болатов Султан, Мурат Аружан және Успен ауданы Павлов ЖОМ оқушысы Гуляев Артем «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болды.

Конкурс қатысушылары Күн жүйесі және математикалық теңдіктердің құпияларын, кристаллдардың қасиеттерін, энергия сақтау мәселелерін, магниттің айрықша ерекшеліктерін зерттеді, сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып әлемін ашты, бизнес-жоспарларды әзірледі. Конкурсқа дайындық үдерісінде оқушылар туған өлкесінің тарихи және мәдени мұрасымен танысты.

Конкурс 2016 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласының № 25 мектебінде өткізілді. Зерттеу жұмыстары 8 секциялар бойынша қорғалды: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, экология, валеология.

Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсында Павлодар облысының намысын қорғау үшін облыстық кезеңінің жеңімпаздары жолдама алды.