ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық бастамалар - 2016» облыстық конкурсының қорытындылары
08-11-2016 03:50
«Педагогикалық бастамалар - 2016» облыстық конкурсының қорытындылары

Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатымен 31 жоба үздік деп аталды. 2016 жылғы 3 қарашада Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облысымыздың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «Педагогикалық бастамалар» жобасының қорғауы өтті. Конкурс туралы ережеге сәйкес қатысушылар заманауи білім беру жүйесінің өзекті сұрақтары бойынша инновациялық тәжірибе, жобалар ұсынды.

Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша 13 жұмыстың ішінен қазылар алқасы Павлодар қаласы ұстаздар жұмысының тәжірибесін жинақтауды ұсынды: Литвинчук Марина Николаевна, № 26 ЖОМ, Ауталипова Салтанат Жасұланқызы, № 37 ЖОМ, Хасанова Азиза Азатовна, № 29 балабақша. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 17 жұмыстың ішінен ұстаздарының: Турий-Ладыко Александра Игоревна, «Стикс» ЖОМ, Сабирова Светлана Анатольевна, № 39 ЖОМ, Сахимзадина Маржан Дайырғалиқызы, № 37 ЖОМ, Барвих Светлана Николаевна, № 28 ЖОМ, Накупова Бақыт Барашқызы, № 30 ЖОМ, Туртугулова Гуляин Сағантайқызы, № 41 ЖОМ, Есмакаева Гүлмира Болатқызы, № 21 ЖОМ. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясында Жанғабұлова Нәзира Ерғалиқызы № 25 ЖОМ. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие және бастауыш мектеп педагогикалық қызмектерлерінің 9 жұмысынан ұстаздар: Ниязова Светлана Леоновна, № 93 балабақша, Асютина Елена Николаевна, Анушкина Ольга Владимировна, № 28 ЖОМ, Алимова Мадина Консулловна, № 16 МЛ, Мұхамеджанова Зәуреш Айтмұханқызы, № 29 ЖОМ, Заворина Татьяна Юрьевна, №2 балабақша.

Құрамында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдары, әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар, мектеп директорларының орынбасарлары бар әділ қазылар алқасы қатысушыларды бес секцияда бағалады. Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатына ие болды.

Барлық типті орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, мектепке дейінгі мекемелер, ТжКББ қызмектерлері конкурсқа қатысты (облыстың 6 мамандандырылған мектебі, Павлодар қаласының 20 мектебі, 6 аудан, 4 МДБМ, ТжКББ, Мичурин балалар үйі).