ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ең талантты спикерлер таңдалды
07-11-2016 11:03
Ең талантты спикерлер таңдалды

«Алтын микрофон-2016» жүргізушілер байқауының финалисттері 2016 жылдың 2 қарашасында Оқушылар сарайының үлкен залында өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасы үздік сөз шеберін, тапқыр ұйымдастырушыны, ұшқыр ойлы спикерді бағалай алды. Дипломанттар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Кіші жас ерекшелік категориясында дикциясы мен сөйлеу мәнерінің шеберлігі үшін I орынды № 41 ЖОМ-нің оқушысы Ольга Берг жеңіп алды. Павлодар қаласы № 35 ЖОМ-нің оқушысы Балнұр Қошматова III орынға ілікті. Жоғары жас ерекшелік категориясында II орынды № 36 ЖОМ-нің оқушысы Никита Артемов иеленсе, № 18 ЖОМ-нің оқушысы Сергей Аксёнов III орын дипломанты атанды.

2016 жылдың 30 қазан күні бірінші іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 25 адам финалға өтті. Олардың ішінде павлодарлық № № 7, 9, 18, 22, 35, 41 ЖОМ-нің оқушылары бар. Олар жалпақ жұрттың алдыңда Оқушылар сарайының үлкен залында өнер көрсетті. Кіші топтың қатысушылары көрермендерге аңыз айтса, ал үлкен топтың үміткерлері - залда отырған көрермендермен жұмыс жасау қабілеттерін паш етті. Берілген тапсырманы барлық үміткерлер орындап шықты.