ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балғын суретшілеріміздің Чехия көрмесіндегі суреттері
07-11-2016 09:09
Балғын суретшілеріміздің Чехия көрмесіндегі суреттері

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары балалардың көркем туындыларының 44-ші Халықаралық көрмесіне 25 сурет ұсынды. Көрме Чехияның Лидицице қаласында өтті.

Байқауда 4 жастағы Томирис Өмірзақ «Менің ұстазым» суретімен, жетекшісі Жанар Ержанқызы Шайкенова және Раиса Петровна Степанконың жетекшілігімен 6 жастағы Влад Карлин «Ол өзгерді» жұмысымен лауреат атанды.

Көрмеге әлемнің 77 елінің 18075 балалар жұмыстары ұсынылды. Ал біздің жеңімпаздарымыздың әсерлі де көп бояулы жұмыстары тізілімдеме енгізіліп, Лидецк сурет галереясының экспозициясынан орын алды. Көрме 2016 жылғы қараша айының аяғына дейін жалғасын табатын болады.

Алғаш рет көрме 1967 жылы Лидица чех ауылындағы неміс фашисі қолынан құрбан болған сәбилер мен әскери шиеленісте қаза тапқан басқа да балалардың рухтарына бағышталып ашылған еді. Ал 1973 жылы бұл ұлттық көрме халықаралық деңгейге жетіп қана қоймай, өзінің тарихы арқасында тек қана Чехия ұстаздары мен балалары арасында ғана емес бүкіл әлемге танылды.