ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қорытынды аттестаттауды бағалаудың жаңаша тәсілдері
07-11-2016 08:42
Қорытынды аттестаттауды бағалаудың жаңаша тәсілдері

2016 жылғы 4 қарашада Павлодар қаласының № 42 мектебінде «Қорытынды аттестаттау форматының өзгеруіне орай оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдері» атты семинар - практикумы өткізілді. Бұл семинардың мақсаты - жаратылыстану - ғылыми бағыты мұғалімдеріне мектеп түлектерін дайындау кезінде кездескен мәселелерді шешу және қорытынды аттестаттау форматының өзгеру аясында жаңа әдістерді меңгеруде пән мұғалімдеріне тәжірибелі ккөмек көрсету.

Бұл семинарға 11 - сыныпта жұмыс істейтін 132 мұғалім қатысты, оның ішінде 35 мұғалім физика пәнінен, 38 мұғалім биология пәнінен, 62 мұғалім математика пәнінен болды.

Берілген мақсатты жүзеге асыру үшін республикалық Ұлттық тестілеу орталығынан тест тапсырмаларын құрастырушылары мен сарапшылары және функционалды сауаттылықты қалыптастыру бойынша оқытудан өткен облыстық және қалалық, тәжірибелі, шығармашыл мұғалімдер тартылды.

Семинар барысында оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілетін физика, химия, биология, география пән мүғалімдерінің 7 секциялары жұмыс істеді.

Математика пәнінің секциясында модератор ретінде № 29 ЖОМ мұғалімі Г. К. Хасенова, № 9 ЖОМ химия мұғалімі Н. В. Меркушева, № 39 ЖОМ химия, биология мұғалімдері С. В. Хомутова, Е. В. Лаврентий, № 25 ЖОМ химия, биология мұғалімдері Г. С. Ысқакова, Г. Б. Қожабаева, № 16 ЖОМ биология мұғалімі А. Е. Крюковская сөз сөйледі.

Қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы бойынша теориялық және тәжірибелік материалдар қарастырылды: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыруда типологиялық тапсырмалар, логикалық тестпен жұмыс әдістері, мәтінмен жұмыс, эссе жазу, бағалау жүйесі, біліктерді қалыптастыру тәжірибелігі, қысқаша және толық жауабы бар тапсырмаларды орындау, функционалды сауаттылыққа тест құрастыру бойынша топтық жұмыс.

Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибемен алмасу жұмысы жүргізілді, сараптауға тесттер көрсетілді, АКТ түрлі тәсілдерін пайдаланып, дидактикалық құралдарды қолдану мен педагогикалық технологиялар ұсынылды, оқу сапасын тексеру мониторингісі мен түрлі деңгейдегі дайындықтары бар оқушылардың білімдерін түзету мен бақылау үшін кері байланыс орнату ұсынылды. Семинар қатысушыларына функционалдық сауаттылық бойынша бүкіл тәжірибелік материал, электрондық қор, тәжірибеде қолданылатын тест тапсырмалары, ұсыныстар берілді.