ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі әскери-патриоттық тәрбие
07-11-2016 04:54
Мектептегі әскери-патриоттық тәрбие

«Қосымша білім беру жүйесінде балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуы (әскери-патриоттық тәрбие, балалар қоғамдық қозғалысы)» республикалық курстары аясында «Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде бастапқы әскери дайындық мұғалімдеріне арналған сабақтар өткізілді.

Сабақтарда мектептің бастапқы әскери дайындық мұғалімі Николай Александрович Липин «Әскери-патриоттық клубтардың сипаттамасының маңыздылығы, функциясы және құрылымы. Әскери-патриоттық клубтар қызметінің негізгі бағыттары» дәрісімен шығып сөйледі.

Өз сөзінде Н. А. Липин тыңдаушылардың назарын өсіп келе жатқан ұрпақтың жоғары адамгершілігін, моралды-психологиялық және этикалық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігіне көңіл бөлді, әскери-патриоттық клуб қызметін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді. Әскери-патриоттық тәрбие бойынша мектеп жұмысының тәжірибесімен бөлісті, «Патриот» мектептік әскери-патриоттық клуб қызметін көрсетті. Мектептік әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері қатарынан экскурсоводтармен Даңқ мұражайына экскурсия өткізілді.

Н. А. Липин «Мектепте құрылған әскери-патриоттық тәрбие жүйесі, оқушыларды Отанды қорғауға дайындық үдерісін басқаруға көмектеседі, барлық өткізілетін жұмысқа жүйелілік, мақсаттық, бірізділік береді, оқушылардың әскери-патриоттық қызметін дамытуда және ұйымдастыруда сабақтастықты қамтамассыз ететіндігін», - баса айтты.