ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Владимир Чёрныйдың шығармашылығымен танысу
04-11-2016 08:45
Владимир Чёрныйдың шығармашылығымен танысу

2016 жылғы 2 қарашада Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары облыстық көркем сурет мұражайына барып, танымал ресей суретшісі, кескіндеме, мүсіндік туынды жасау, сәулетшілік ресей академиясының кескіндеме және академиялық сурет кафедрасының доценті, Ресей суретшілері одағының мүшесі Владимир Чёрныйдың кескіндеме жұмысының авторлық факсимиле көрмесін тамашалады.

Владимир Чёрныйдың жұмысы балаларды табиғилығымен, түс палитрасы, суреттің нақтылығымен таңқалдырды. Оқушыларға суретшінің шеберлігі, әр реңкі, қылқаламды сілтей жағу, образды жетілдірудегі сезімнің ұштасуы үлкен әсер қалдырды. Оқушылар және педагогтар пікір қалдыру кітабына автордың көрмесінен алған өз әсерлері мен тілектерін жазды: «Владимир Чёрныйдың тамаша шығармашылығына көз жүгіртіп, оған үлкен рахметімізді айтып, әлі де шыңдардың шыңынан шыға беруіне тілектестігімізді жеткіземіз».

Владимир Анатольевич Павлодар қаласының тумасы екені балаларға жаңалық болды. Оның ата-анасы әлі де туған Ертіс өңірінде тұрып жатыр екен. Владимир Анатольевич өзінің өнер әлеміне алғашқы қадамын аталған музыка мектебінің табалдырығынан, яғни, 90 жылдары мектепте Тамара Сергеевна Ефремованың бастамасымен жұмыс жасаған сурет студиясынан бастаған.