ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық
03-11-2016 09:02
Мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық

11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық жүргізу мақсатында 2016 жылдың 31 қазанынан 4 қарашасына дейінгі аралықта Павлодар қаласының білім беру ұйымымен Павлодар қаласының № 22, 29 ЖОМ-де дайындық сабақтары өткізілді. Дайындыққа қалалық мектептерінің жалпы орта білім беру «үздік» аттестаты мен «Алтын белгіге» үміткер 47 мектеп оқушылары қатысты.

Сабақ барысында түлектер математика пәнінен қысқа және толық жауапты есептерді шығарды, математикалық сауаттылық бойынша тестермен жұмыс жасады. Қазақ, орыс тілі пәндері бойынша эссе құрылымын талдады, әртүрлі эссе тақырыптарының нұсқаларын талқылады, функционалды сауаттылық тапсырмаларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сабақтар таңдау пәндері мен Қазақстан тарихы бойынша өткізілді. Өткізілген сабақтардан оқушылар мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық жүргізудегі тәжібирбелік дағдыларын шыңдады. Консультациялық кезеңнің соңғы күнінде «Достық білім беру орталығында оқушылардың дайындық деңгейлерін анықтау үшін алдын ала тестілеу жүргізіледі.Апта сайын әрбір бейсенбі күндері аталған мектептерде үміткерлерге дайындық сабақтары өтеді.

Пән бойынша сабақтарды қала мектептерінің тәжірибелі педагогтары өткізді: № 39, 25 ЖОМ математика мұғалімдері Кутнова Л. Г., Орлова Л. А., Ангаева Р. С., № 11, 20, 7 ЖОМ тарих мұғалімдері Белогурова С. М., Мырзатаев Е. Т., Касымжанова А. Е., № 9, 22 қазақ, орыс тілі мұғалімдері Пыстина Л. М., Абылгазинова К. Г., Бейсенова Р.К., № 12, 14 ЖОМ биология мұғалімдері Ахметова Р. Н., Касымханова А. Г., № 41, 37 ЖОМ химия мұғалімдері Каскирбаева М. П., Ауталипова С. Ж., № 29, 2 ЖОМ география мұғалімдері Анварова Е. И., Кажмагамбетова М. Т., № 26, 26 ЖОМ физика мұғалімдері Абубакирова Е. И., Бахытова К.К., № 16, 22 ЖОМ дүниежүзі тарихы мұғалімі Таран Е. Г., Омаров Ж. Б., № 42 ағылшын тілі мұғалімі Шкретова А. А.