ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Күзгі демалыстың бір күні
03-11-2016 06:43
Күзгі демалыстың бір күні

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Патриоттық актіні жүзеге асыру аясында 2016 жылғы 1 қарашада күзгі демалыс кезінде Павлодар қаласының № 36 ЖОМ «ЭКСПО-2017» Күні өткізілді.

Бұл күні С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлерімен, ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары А. В. Антонцевтпен, т.ғ.к. «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі В. П. Марковскимен кездесу өтті. 10 - 11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері үшін инженер, профессор П. Альтхоф мырза «Германияда және басқа да еуропалық елдерде энергетикалық революцияның негізгі аспектілері. Жұмыс тәжірибесінен: Вьетнамда жаңғырамалы энергия көзін енгізу» дәрісін өткізді. Оқушылар П. Альтхов мырза орындаған жұмыстың мәнін және жаңғырамалы энергия көздері бойынша дәріс материалының қызықтылығын атап өтті.

Мектептің әскери-патриоттық клуб оқушылары Николай Александрович Липиннің жетекшілігімен Қ. Қамзин атындағы Даңқ Мұражайында экскурсия өткізді. Педагогикалық еңбек ардагері, еңбек сіңірген мұғалім, «Родник» экологиялық клубтың тұрақты жетекшісі Людмила Васильевна Данилова мектептік экологиялық мұражай қызметі туралы айтты және оның залы бойынша экскурсия өткізді. «Біздің мұражайлар - бұл біздің мақтанышымыз, себебі дәл біздің экологиялық мұражай теңі жоқ жалғыз ғана өзі болып табылады, дәл біздің Даңқ мұражайы қарау конкурстарында бірқатар жоғары наградаларды иеленген», - атап өтті Людмила Васильевна.