ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Күзгі каникулдар – мектеп өмірінің қайталанбас кезеңі
02-11-2016 04:06
Күзгі каникулдар – мектеп өмірінің қайталанбас кезеңі

Күзгі каникулдар - мектеп өмірінің қызық оқиғаларға толы, қайталанбас кезеңі. Балалар үшін оқу істерінен демалу мүмкіндігі, жаңа оқу тоқсанына жақсы көңіл-күй мен сергектік қуатын алу.

Осы жылы алғаш рет күзгі каникул жаңа форматта «Мәңгілік ел» отансүйгіштік актісін жүзеге асыру аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 25-жылдығына арналып өтіледі.

Каникулдың әрбір күні осы тақырыпқа арналған. Балаларды Патриот күні мен Отбасы күні алда тосып тұр, оның аясында ата-аналарымен бірге іс-шаралар өтеді. Спорт және денсаулық күні спорттың әр түрі бойынша жарыстар, денсаулық фестивалі ұйымдастырылды, оқушылар таза ауада қимылды ойындар ойнап өткізді. ЭКСПО-2017 күнінде оқушылардың ғылыми-техникалық сайыстары және шығырамашылық көрмелері әзірленді. Мектеп көшбасшылық қозғалысын дамыту бойынша Жасұлан күні арналған. Жақсы дәстүрлерді жалғастыра отырып, оқушыларды Кәсіптік бағдар күні әртүрлі мамандықтардың өкілдерімен кездесіп, кәсіпорындарға экскурсия жасады. Кітап, театр, мұражай күні ғажайып әлеміне саяхат.

Педагогтардың басты мақсаты - демалыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірлерін жарқын да қызықты ету. Осы іс-шаралармен қамту Павлодар қаласының 44 мектептерінде 30 мың аса оқушыларды құрады.

Бірінші қараша күні № 28 мектепте «Біз біргеміз - бірге жетістіктерге жетеміз» Отбасы күні өткізілді. Бұл күннің ерекшелігі - ата-аналар мектепте өткізілген сайыстарға, жарыстарға, өнерлік шығармашылыққа қатысты. Ата-аналары бірінші сынып оқушыларымен бірігіп қайшы, желім, әр түрлі қағаздар қолдарына алды. Шығармашылық өнер барлығын баулап алды, кейбіреуі өзі үйренді, кейбіреуі білгенімен бөлісті. Зерігуге уақыт болған жоқ, барлығы көңілді де қызықты болды.

Жарты сағат - сынып тақтасында қағаздан жасалған жарқыраған күн сәуле төгіп, оған әр түрлі алақандар қол созды, жарты сағат - қағаздан жасалған үкі қасын қақты. Жақсы көңіл күй, күлкі, шығармашылық бейімделу - жаңа құрылған бірінші сыныптың сынып оқушылары мен ата-аналар ұжымымен достасуға көмектесті.