ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі
01-11-2016 10:38

«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқау нәтижесінде № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Төлеулі Ғазиз «Асау жүрек» аталымы бойынша марапатталды және бағалы сый­лық табыс етілді. Ғазиз осындай сайысқа бірінші рет қатысып, оқуы жарқын да, мәнерлі болып «Қамар сұлу», «Ахмет хаты», «Кедей» шығармаларынан үзінді және «Сүйемін» өлеңін оқыды. Жүлдегерді дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Сабитовна Шоманова.

Шығармашылық қабілеті бар 30 үміткер мектептерден, лицей-колледждерінен, ЖОО студенттерінен, ұйымдарынан 15 - 35 жас аралығындағы байқауға қатысты. Шараның негізгі мақсаты - С. Торайғыровтың шығарма­шы­лығын насихаттау.

Байқау ережесі бойынша қатысушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты», «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» шығармаларынан үзінді оқып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан сауалдарға жауап берді.

28 қазан күні Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Естай атындағы Мәдениет сарайында ақынның туған күніне орай байқау өтті. 29 қазанда жүлдегерлер Баянауыл ауданына шығып, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайына барды.