«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқау нәтижесінде № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Төлеулі Ғазиз «Асау жүрек» аталымы бойынша марапатталды және бағалы сыйлық табыс етілді. Ғазиз осындай сайысқа бірінші рет қатысып, оқуы жарқын да, мәнерлі болып «Қамар сұлу», «Ахмет хаты», «Кедей» шығармаларынан үзінді және «Сүйемін» өлеңін оқыды. Жүлдегерді дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Сабитовна Шоманова.
Шығармашылық қабілеті бар 30 үміткер мектептерден, лицей-колледждерінен, ЖОО студенттерінен, ұйымдарынан 15 - 35 жас аралығындағы байқауға қатысты. Шараның негізгі мақсаты - С. Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау.
Байқау ережесі бойынша қатысушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты», «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» шығармаларынан үзінді оқып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан сауалдарға жауап берді.
28 қазан күні Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Естай атындағы Мәдениет сарайында ақынның туған күніне орай байқау өтті. 29 қазанда жүлдегерлер Баянауыл ауданына шығып, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайына барды.