ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуы
31-10-2016 08:44
Балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуы
%d1%83%d1%87%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%b8-%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b0

Аймақтағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту және белсендету үшін педагогикалық шарт-жағдайларды қамтамасыз етуі мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2016 жылғы 28 қазан күні «Білім беру ұйымдарында тәрбие берудің заманауи үлгісі тұрғысындағы туристік-өлкетану қызметі» тақырыбы бойынша аймақтық семинары өтті.

Семинар жұмысына 60 астам жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары қатысты. Семинар бағдарламасы көлемінде қатысушылар туристік-өлкетану қызметінің нормативтік-заңшығарушылық тұрғыда қамтамасыз етілуі, мектептегі туристік-өлкетану жұмысының мазмұны мен үлгілері: ұйымдастыру және жоспарлау, топография мен бағдарлаудың негіздері, жас туристердің дене және техникалық дайындығы, туристік жорықты дайындау технологиясы, жорықтар және экскурсиялар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, оқушылармен жаппай туристік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, экскурсиялық туристік-өлкетану маршрутын құрастырудың әдістемелік негіздері сияқты сұрақтармен танысты.

Туристік көпсайысы бойынша оқу-машықтану тәжірибесі өткізілді. Семинардың қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірленіп, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.