ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қамқоршы күні
29-10-2016 03:12
Қамқоршы күні

img-20161028-wa0004Мемлекетімізде жыл сайын 29 қазанда өтетін,Республикалық «Балаларға жылу сыйла» атты акция аясында Павлодар қаласының 43 мектебінде қамқоршы күні өткізілді.

2016 жылдың 28 қазанында № 9 мектеп-гимназияда білім бөлімімен бірлесе отырып қамқоршыларға мерекелік шара өткізілді. Оған сегіз отбасы қатысты.

Шара қамқорлық секторының орынбасары Нәжмиденовна Орынбасар Темірболатқызының қамқоршыларды құттықтап, бала тәрбиесіндегі ерен еңбектеріне алғысын білдіруімен басталды. Ал мектеп директоры Завальная Светлана Витальевна қараусыз қалған балалардың жауапкершілігін өз мойындарына алып, оларға ыстық ықыласы мен жүрек жылуын сыйлаған қамқоршылардың еңбегін ерекше бағалайтынын атап өтті. Сонымен бірге, мектептің де ол балаларға қолынан келгенінше қамқорлық жасайтынына сенім білдірді.

Келген қонақтар алғыс хаттармен марапатталып, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады. 2-сынып оқушысы Расул Балғабековтың әкесі қамқоршыларға сыйлықтар берді. Шара соңында асхана меңгерушісі Е. К. Жәукенова шай дастарханын ұйымдастырды.

Қамқоршылар үшін әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңес беру алаңдары жұмыс істеді. Қамқоршылар өздеріне керекті сауалдарына жауап алды.

Ал, дәл осы күні № 37 мектеп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Айтжан Бағдатқызы Кәрімова, мектеп психологі Назгүл Бейсенбайқызы Ыдырысова, директордың орынбасары Гүлмира Бахитқызы Әбдімбетова, әлеуметтік педагог Катия Абылайқызы Абылаева атсалысты.

Шара барысында мектеп директорының орынбасары Г. Б. Әбдімбетова қамқоршыны құттықтап, бала тәрбиесіндегі ерен еңбектерін бағалап, алғыс хаттар табыс етті.

Қазіргі таңда 459 бала қамқорлыққа алынған, 15-і патронаттық тәрбиеде. Олардың барлығы 10 АЕК жәрдемақы алады, тұрғын үй кезегіне қойылған.