ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың Джозеф Каррамен кездесуі
28-10-2016 09:44
Оқушылардың Джозеф Каррамен кездесуі

Павлодар қаласының жалпы отра білім беру мектептерінің топ оқушыларын Халықаралық олимпиаданың аймақтық кезеңінде дайындау аясында 2016 жылдың 26 - 27 қазанында Word Scholar’ s Cup (WSC) ұйымдастыру комитетінің мүшесі Джозеф Карра Павлодарға сапармен келді.

27 қазанда Джозеф Карра № 16, 39 ЖОМ оқушыларымен, сонымен қатар № 37 жалпы орта білім беру мектебінде аталған мектептің және № 22 ЖОМ оқушыларымен, осыдан бөлек № 25 ЖОМ № 42 мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесулерде 9 - 10 сыныптардан 150 астам оқушы қатысты. Кездесудің мақсаты - бүгінгі және болашақ өзекті мәселелерге қызығушылық танытатын оқушылардың Халықаралық қоғамдастығын құру және қолдау.

Кездесудегі әңгіме ағылшын тілінде болды. Джозеф Карра өз тәжірибесімен бөлісті, былай деді: «Алматы қаласында өткізетін Универсиада және ЭКСПО-2017 көрмесі ағылшын тілін тануға жақсы қызығушылық тудырады. Бүгінгі индустриалды даму кезінде ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Сондықтан шет тілін білетін адамның алдында көптеген мүмкіндіктер ашылады».

Кездесуде Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектептерінде 2017 жылдың 12-қаңтарында өткізілетін халықаралық олимпиаданың аймақтық кезеңіне жоғары сынып оқушыларын дайындаудың сұрақтары талқыланды. Олимпиадаға ғылым мен өнердің түрлі салаларының тақырыптарына қатысты сайыстар, жарыстар, дебат және креативті хат түрлері енгізілген.