ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақ шағала» мега-фестивалі
27-10-2016 11:06
«Ақ шағала» мега-фестивалі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған хореография бойынша «Ақ шағала» мега-фестивалі өткізілді. Мақсаты - жаңа таланттарды айқындау және шығармашылық ұстанымы бар, бірақ әлеуметтік ортада өзін көрсете алмайтын дарынды балаларға қолдау көрсету болып табылады. Павлодар қаласының 11 мектебінен 13 оқушы қатысты.

Фестивальдегі қатысушыларби жанрында өз қабілеттерін көрсетті, әлем халқының әртүрлі композицияларын ұсынды. Кенжекөл ЖОМ, «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының хореографы құрамының әділ қазылары қатысушылардың сахналық мәдениеті мен орындау шеберлігін атап өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша акробаттық номер орындағаны үшін № 40 ЖОМ 4-сынып оқушысы Зубкова Елизавета I-орынды иеленді,ал № 20 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Сұлтанғалиева Сабинаға «Шабыт» қазақ халық биін орындағаны үшін IIорын берілді.Сабина бала кезінен бимен шұғылданады және болашақта үлкен сахнада өнерін көрсетуге армандайды. Бұл оның сахнадағы алғащқы жеңісі. III орын № 18 ЖОМ 9-сынып оқушысы Ахмедова Әминаға кавказ биін орындағаны үшін берілді.

Көркемдік қойылымы мен өзіндік ерекшелігімен өнер көрсеткені үшін әділқазылар № 22 ЖОМ 1-сынып оқушысы - Мұқышева Ділназды, № 16 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы - Рыбкина Диананың билерін ерекше атап өтті.