ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мен және менің полицейім» қалалық акциясы
26-10-2016 09:52

Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің өзара әрекеттесуі шеңберінде «Мен және менің полицейім» қалалық акциясы өткізілуде. Павлодар қаласы жалпы орта мектептерінің оқушылары акция шеңберінде полиция қызыметінің жұмысымен таныстырылды, қалада құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді.

Шаралар барысында сұхбаттар, дәрістер, тақырыптық ойындар қарастырылған. Бастауыш сыныптағы және жоғарғы сынып жасындағы балалар қоғамдық орындардағы, жолда жүру кезіндегі, таныс емес адамдармен қарым қатынаста болу кезіндегі тәртіппен таныстырылды.

2016 жылғы 24 қазанда № 4, 14, 29, 36 мектептерінің оқушылары жол-күзеті полициясының батальонында болды, онда оқушылар жол-күзеті қызметіндегі машиналардың жұмысымен және полицияның учаскелік инспекторларының жұмысымен танысты, полиция қызметкерінің жұмысындағы басты мақсаттарын білді. Акция 2016 жылғы қараша айына дейін жалғасады.