ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас эрудиттер
26-10-2016 03:27

Павлодар қаласындағы балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында оқушылар арасында «21 ғасыр Сократтары» атты зияткерлік ойынның қалалық жоба аясында іріктеу кезеңі ұйымдастырылды, ойын орталық әдіскері және ойынның негізін қалаушы Коломеец Валерий Васильевичке арналды. Конкурс мақсаты - оқушылардың танымдық көзқарасын кеңейту және зияткерлік қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Конкур бір ай ішінде қала мектептерінде өткізіліп, жеңімпаздар іріктеу кезеңнің жартылау финалына қатысуға мүмкіндік алды. Аталған іс-шараға № 1, 4, 5, 6, 7, 9, 13, 17, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 29, 30, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 43, Жетекші мектебі зияткерлерінің басын қосты.

2016 жылы 27 қазанында өтетін финалға № 7 ЖОМ оқушысы Мадиярова Далия, № 9 ЖОМ оқушысы Вырвинский Кирилл, № 6 ЖОМ оқушысы Матыскин Богдан, № 35 ЖОМ оқушысы Ерғали Ақерке,Абдығалыкова Индира № 37 ЖОМ оқушысы, № 22 ЖОМ оқушысы Сүлейменов Даниял,№ 24 ЖОМ оқушысы Соловьев Данил, № 29 ЖОМ оқушысы Сеннов Борис, № 39 ЖОМ оқушысы Илияс Алина жолдама алды.

Ойын шарты бойынша байқаушылар білімнің түрлі саласы бойынша туған өлке,жануарлар және өсімдіктер әлемі,музыка,әдебиет,құрылыс ескерткіштері, оснымен қатареліміздегі және әлемдегі көптеген танымды және қызықты жағдайлар туралысұрақтарға жауап қайтарды.