ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық әдістемелік қызмет конкурсында I орын
25-10-2016 09:33
Республикалық әдістемелік қызмет конкурсында I орын

2016 жылдың 20 қазанында Алматы қаласында өткізілген «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік кызмет: бүгіні мен болашағы» атты республикалық семинарда «Үздік әдістемелік кабинет» номинациясы бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті I жүлделі орынға ие болды.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамамен Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шолпан Сәменқызы Нұрахметова сөз сөйледі және «Үздік баяндама» үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Өз сөзінде ол білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің курстан кейінгі өзара іс-әрекет жүйесін құру бойынша және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инновацияға ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу көрсету, деңгейлік бағдарламалардың идеяларын жүзеге асыру, корпоративтік оқыту қағидаттары негізінде біліктілікті арттыру жүйесін ұйымдастыру формаларын құру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Ол білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыстың алуан бағыттарын, нысандарын және мазмұнының басым бағыттарын атап кетті.

Педагогикалық кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға жағдай жасау, білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жаңа міндеттерді шешудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асыруға мұғалімдер уәждерінің белсенділігін ынталандыру бойынша әдістемелік кабинеттің жұмысы жоғары бағаланды.

Республикалық семинарға қатысуға барлығы күндізгі және сырттай формаларына 160 астам педагог мәлімделген. Іріктеу турдан кейін республиканың барлық облыстарынан 70 қатысушы шақырылды. Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының өкілдері,«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарының, әдістемелік қызмет бөлімдерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері, облыс, аудан, қалалық әдістемелік кабинеттердің қызметкерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың басшылары, жалпы орта білім беретін мектептердің басшылары, мұғалімдер, тәрбиешілер қатысты.

Семинар ұйымдастырушысы«Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты болып табылады. Семинар аясында білім мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік қызметі жұмысының өзекті мәселелері бойынша талқылау ұйымдастырылды. «Іскер әдіскер», «Үздік әдістемелік кабинет», «Инновациялық идеялар ошағы» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.