ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мамандық әлемінде
21-10-2016 11:01
Мамандық әлемінде

Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығынының «Заң» азаматтық-құқықтық мектебінде «Сүйікті мамандық» дискуссиялық сағаты өтті. «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалы аппаратының басшысы Сарсенов Оразали Төлегенұлы, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы Конопля Вячеслав Александрович және № 7 мектеп психологы Абдалинова Ариана Талғатқызы № 29, 26, 21, 24, 4, 1, 2, 12, 7, 43, 15, 13, 18, 37, Кенжекөл ЖОМ 35 оқушы қатысты.

Орталық басшысы Павловская Наталья Алексеевна өз баяндамасында болашақ жұмысы үшін мамандықты дұрыс таңдау маңызы, шығармашылық қызметі, еліміздің әрі қарай дамуындағы әрқайсысының ролі. Азаматтық-құқықтық мектебінің жетекшісі Қайырқанова Нәзігүл Базарқызы республика,облыс кәсіпорындары үшін қажетті жұмысшы маманы туралы оқушыларға түсіндірді. Сарсенов О. Т. «Жас Отан» жастар қанаты жұмысы туралы айтты, олардың әрқайсысы көптеген қызметте өздерін көрсете алатын мүмкіншілігі бар екенін түсіндірді. Конопля В.А. оқушыларды өзінің мамандығы туралы таныстырды, өзінің Павлодар эксплуатация локомотив депосында машинист-электровоз қызметінде жұмыс істейтінін және өзінің мамандығын мақтан ететінін айтты. Вячеслав Александрович машинист отбасы әулетінің ісін жалғастырушы. Абдалинова А.Т. оқушылармен тренинг-ойын өткізді, олар өздерінің шығармашылық қабілетін және маман білімінде өздерін көрсете алды.