ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәшһүр Жүсіп оқулары
21-10-2016 09:23

Павлодар қаласының «Колос» балалар мәдени-сауық орталығында Мәшһүр Жүсіп оқулары қалалық конкурсы өткізіліп, № 30 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жұмабаева Әйгерім жүлделі ІІІ орынды алды. Әйгерім «Жеті жетім» өлеңінен үзінді оқып, өзінің «Ақынға арнау» атты өлеңін арнады. Ол республикалық «Ақбота» марафонына, «Зият» интернет-олимпиадасына, Абай оқуларына қатысушы. Әйгерім қабілетті оқушы, спортпен шұғылданады, мектептің іс-шараларына белсене араласады.

Байқауға қатысушыны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Гүлжан Сағатқызы дайындады. «Ол мектебімізге аз ғана уақыт шамасында орналасты, бірақ өзін кәсіби педагог екенін көрсетіп үлгерді. Оқушылармен шығармашылық қабілетін дамыту бойынша жеке жұмыс жүргізеді, оларды олимпиада, конкурстарға қатысуға дайындайды, - деп атап өттімектеп директоры Ажар Тукенқызы Текжанова.

Байқауда қаланың 26 мектеп оқушылары мен студенттері қатысты. Байқау талабы бойынша ақынның шығармаларын білуі, «М. Ж. Көпейұлы және ислам әлемі» атты эссе жазуы керек болған және өмір жолынан сұрақтарға жауап беру керек болатын.