ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Достық белгісі» халықаралық сайысы
20-10-2016 03:48
«Достық белгісі» халықаралық сайысы

2016 жылдың мамыр айында Украинаның Херсоне қаласында өткен «Достық белгісі» ІV халықаралық сурет сайысының нәтижесі белгілі болды. Павлодар қаласы №2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2016 жылдың мамыр айында өздерінің фломастермен, гуашьпен және аралас техникада орындаған 35 суретін көрсетті. Ұсынылған жұмыстардың тақырыптары әртүрлі еді. Олар, туған Қазақстанның пейзажы, қазақ елінің дәстүрлері мен мерейтойлары және ертегілері. Осы бала пәктігі сезілетін әсерлі жұмыстар өмір қуанышын жеткізетіндей.

Бұл сайысқа әлемнің 15 елінің 89 елді мекеніндегі 111 оқу орнынан 3000-ға жуық қатысушылары байқауғда ат салысты. Халықаралық қазылар алқасы сайыстың 156 лауреатын таңдап алды, солардың ішіне № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 3 оқушысы кірді.

Сайыс лауреаттары атағын «Қазақстан аңыздары» суретімен 8 жастағы Абылхан Абылқасымов, жетекшісі Ольга Ивановна Ловина, «Алматы қаласының мешіті» жұмысымен 14 жастағы Даниил Юминов, жетекшісі Елена Ивановна Юминова, және «Ертіс өзенінің жағалауында» суреті үшін 13 жастағы Зарина Абдархманова иеленді, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды, ал «Власна белгісі» жобасы бойынша «Укрпошта» көркемдік пошта маркаларын шығарды, жеңімпаздар жұмыстары «Достық белгісі» сайтының электронды галереясында орналастырылған.