ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқытудың экстернат түрі
20-10-2016 03:41

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтар күнгі № 61 бұйрығымен бекітілген «Экстернат түрінде оқыту ережесіне» сәйкес оқытудың экстернат түрі уақытында орта білім ала алмаған немесе шет елде уақытша тұруына байланысты орта білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға беріледі.

2016 - 2017 оқу жылында оқытудың экстернат түрі 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Павлодар қаласының №17 ЖОМ жүзеге асырылады. Жыл сайын шамамен 30 адам экстернат түрінде оқытылады. Қазіргі уақытта өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр.

Оқытудың экстернат түрі негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасы төңірегінде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Оқытудың бұл түріне рұқсат алу өтініштері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе «Электронды үкімет» веб-порталында қабылданады (www.egov.kz).

Анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурстарына: www.edu.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне салынған. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар бірлескен байланыс телефондары: 088-7777, 1414.