ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
27 мектепке арналған шығармашылық сабақтар
19-10-2016 11:52
27 мектепке арналған шығармашылық сабақтар

Ағымдағы жылы М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы мен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерімен жұмыс одан әрі жалғасуда. Өзінің шығармашылық алаңдарын Сарайдың педагогтары № 27 ЖОМ-де өткізді. Педагог Базыл Утилов № 27 мектеп оқушыларына КВН ойынының ерекшеліктермен таныстырып шықты. Мектеп оқушылары шығармашылық студияларының жетекшілері Темірлан Аскаусов және Бауыржан Сейталиевпен бірге жүргізушілер ролін ойнап көрді. Светлана Факрудинова оқушылармен бірге «Магнитофон» әрі «Бағдаршам» ойындарын ойнады. «Таңғажайып сандық» атты әдеби-ойын бағдарламасы арқылы Марина Юрченкомен балалар өлең құрастыруды үйренді. Елена Каркавина мен Гүлнар Бектогаеваның сабақтарында балалар қағаз, желім әрі қайшымен жұмыс жасады. Елена Вайберт жоғары сынып оқушыларына мектеп қабырғасында баспасөз-орталығының қызметі жайлы баяндап берді. Ол тілші маманының жұмысымен таныстырып, қоғамдық балалар-жасөспірімдер ұйымының «Твой мир» газетімен жұмыс жасауға шақырды. Психолог Марина Коржова болса жасөспірімдермен сұхбаттасып, қақтығыс жағдайларды шешудің амалдарын ұсынып, мектеп психологына кеңестер берді. Шебер-сыныпқа 150-ден астам оқушылар қатысты

Педагогтардың мектепке баруын ұйымдастырған әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Лилия Торощина болды. Оқу жылы ішінде қосымша білім беру педагогтары мен шығармашылық студиялар, клубтардың жетекшілері Павлодар қаласының мектептеріне әр-түрлі іс-шаралар мен барып тұрады.