ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Арнайы көркемөнер көрмесі
19-10-2016 11:04
Арнайы көркемөнер көрмесі

№ 2 Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру ұстазы Елена Ивановна Юминованың жеке көрмесінің ашылуы, 2016 жылдың 14 қазан күні «Өрлеу» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығында өтті. Көрме, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25-жылдық мерей тойына арналған.

Автор, көрермендерге әртүрлі стильде және техникада орындалған 25 жұмысын ұсынды. Онда майлы бояулармен орындалған білдекті кескіндеме ұсынылды. Сондай-ақ қарындаш және угольмен салынған академиялық суретте бар еді. Сонымен қатар автор, кестелеу, коллаж, батик сияқты сәндік-қолданбалы өнер техникасында жұмыс жасайды. Бұл іс-шараға қаламыздың жалпы орта білім беру мектеп ұстаздары мен Катаев атындағы балалар сарайы мен Ақсу өнер мектебінің педагогтары қатысты. Көрменің ашылуы автордың және өздерінің вернисаждан алған әсерлерін бөліскен қонақтардың жылы лебізінен басталды. Көрме ағымдағы жылдың қараша айының ортасына дейін жалғасатын болады.

Елена Ивановна өзінің жұмыстарын көрермендер алдына бірнеше рет ұсынды. Тап осы көрме, суретшінің төртінші арнайы көрмесі болып табылады. Ол 2014 жылы облыстық мұражайда өткен, «Өнер және дизайндағы жаңашылдық» атты ИнЕУ-нің 2-ші халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының қатысушысы. «Өнердегі және дизайндағы этникалық сарындар» Инновациялық Еуразия университетінің облыстық байқауында II орынды иеленді, «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты ұстаздардың шығармашылық жұмыстарынан X облыстық байқауында 1 орынға ие болды. ал 2016 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» республикалық сайыста 2 орын алды.

Елена Ивановна Юминованың шығармашылығы ерекше және жан-жақты. Оның қайталанбас жұмыс стилі әртүрлі техникалардың үйлестіруінен табылған. Онда өзінің туған өлкесіне, оның ұлттық дәстүріне деген сүйіспеншілігі байқалады. Айтып өтсек, коллаж техникасында орындалған «Қазақстан жері қонақжайлы» панносы біздің еліміздің картасы тәріздес орындалған, немесе «Халық сарыны» триптихы (жібекке коллаж және акрилді бояулармен кестелеп әшекейлеу) тек қана орыс және қазақ халықтарының ұлттық костюмін бейнелеп қана қоймай, оның ою-өрнегін де нақты көрсетеді. «Баянауыл» батигінде біздің Павлодардың сұлу табиғаты бейнеленсе, ал майлы, угольді және жай қарындаштармен орындалған портреттер топтамасы модельдің ішкі жан дүниесі мен сезім тереңдігін жеткізген. Егер де панно, макраме техникасында орындалған болса, қазіргі заманға сай үйлердің бірін көріктендіре түседі. Жалпы алғанда жұмыстар өзінің көпқырлылығымен және әртүрлілігімен таңдандырды. Шығармашылыққа деген ұмтылыс, жақындары мен туғандарының қолдауы, суретшінің шығармашылық мүмкіндіктерін аша отырып, осындай сан қырлы жұмыстар орындауға шабыттандырды.