ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Барлық жер бетінде мейірімділік жасау
18-10-2016 08:45
Барлық жер бетінде мейірімділік жасау

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары Павлодар қаласының Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен IV жыл сайынғы қайырымдылық «Екі жұлдыз» шоу-жобасына қатысты. Жобаға кәсіби музыкантшылар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басшылары мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.

Музыка мектебі оқушыларының вокал тобы Самина Дощанова, Диана Шиншикова, Дарья Ермолаева, Ульяна Найда (жетекшісі Ксения Миронец) және Павлодар облысы бойынша Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы басқармасының мүшесі, «ЛимА» перде ательесінің директоры Анастасия Лим «Sorry seems to be the hardest word» әнін орындап шықты.

Концертке «Сәулетай» ансамблінің жеке орындаушылары, қаланың жалпы білім беретін мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі, дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары қатысты. Астана және Новосібір қалаларының жалпы білім беретін мектеп оқушылары аталған жобаға зор ықыластарымен қатысты. Сахнадан «Твори добро», «Ертегілер әлемі», «Sole mio», «Куда уходит детство», «Алтыным», «Облака» секілді т.б. әндер шырқалды. Музыкалық нөмірдің қызықты қойылымы, балалардың таза дауысы, жүрегі лүпілдеп орындау кешке жиналған көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Концерттен жиналған барлық қаражат екі сырқат баланың еміне тапсырылған болатын.

«Биылғы жылғы концерт өзгеше форматта өтті: көрермендерге «Кішкентай бекзада» мюзиклы ұсынылды. Жоба продюсері және жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Павлодар облысы Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының атқарушы директоры Ляна Логунова. Тамаша музыкалық безендіру, жарқын костюмдер, сахнаның безендірілуі ерекше ертегі елін елестетті. Мюзикл мақсаты - өмірдегі басты құндылықтарды нығайту - жанұя, махаббат, жер бетіндегі мейірімділік. Сондықтан да, концертке балаларымен отбасы жұптары қатысты», - деп атап өтті, музыка мектебінің басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.