ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиададағы жетістіктер
18-10-2016 04:59
Өзін-өзі тану бойынша облыстық олимпиададағы жетістіктер

Өзін-өзі тану бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі Дипломмен Павлодар қаласы № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тусупбекова Дамира, мұғалімі Абдуллина Айнур Шаймуратовна, ІІ дәрежелі Дипломмен № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы Хасенова Зарина, мұғалімі Анапиянова Айгүл Мукарамовна, ІІІ дәрежелі Дипломмен № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Ленц Анна, мұғалімі Логвинова Лариса Михаиловна, № 24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Иманғали Ботагөз, мұғалімі Шазинда Сағидолла, № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қужігіт Эльнура, мұғалімі Қожекеева Гүлназ Әубәкіровна.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиада 2016 жылғы 14 қазан күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясында өтті. Олимпиаданың мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгешілік білім беру арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау мақсатында өткізіледі.

Олимпиадаға Павлодар қаласының мамандандырылған мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерінен 7 - 9 сыныптарынан 51 оқушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» оқытушылары жұмыс істеді. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын, облыстық кезеңнің 5 жеңімпазы қорғайтын болады.