ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пилоттық бағдарлама «Мықты жанұя»
17-10-2016 11:20
Пилоттық бағдарлама «Мықты жанұя»

Жастар арасында есірткі заттары және қауіпті әрекеттерге ерте кезден алдын алу мақсатында, облыс білім беру басқармасы Орта Азия да есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының өкілдігімен бірлесіп Қазақстан алғаш рет Павлодар қаласында № 21, 28 жалпы орта білім беру мектептерінде мықты жанұя пилоттық бағдарламасы басталады.

2016 жылдың 17-ші қазанында № 21 жалпы орта білім беру мектебінде ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына әлемдік ғалымдар Ұлыбританиядан Дебора Аллен, Оксфорд Брукс университетінің докторы және дәріскері Линдсей Кумбес, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми тәжірибе орталығының директоры Әлішер Еркінұлы Қожахметов, есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметкерлері Жанерке Омарова және Ляззат Жусупова қатысты. Облыстық білім басқармасының орынбасары Е. Н. және жалпы орта білім беру мектептерінің педагог- волонтерлер қатысты.

2016 жылдың 17 - 21 қазан аралығында оқушылар және ата-аналар үшін осы тақырыпта тренингтер өткізу жоспарлануда. Апталық бағдарламада әр күні «Ата-аналар», «Жастар», «Жанұя» тақырыптарында тренингтер өткізіледі. Аптаның аяғында қатысушыларға сертификат беріледі. Әр топта 10 ата-ана өз балалармен қатысады. «Мықты жанұя» бағдарламасы әлемдегі 35 мемлекетке енгізілді және орыс тілі, испан тілі, португал тілі және тағы басқа тілдерге аударылды.