ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс
17-10-2016 09:31
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде 2016 жылғы 11 қазанда «Ертіс дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталықпен бірлескен «Жалпы орта білім беру мектебінде балалар дарындылығын дамыту туралы» дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты - оқушыларды зерттеу қызметіне, зияткерлік олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына тарту, ата-аналар қоғамдастығы жағынан қызығушылықты арттыру.

Дөңгелек үстел жұмысына орталық директоры Г. К. Турсунов, орталық мамандары А. Л. Мұхамеджанова, Ж. К. Абаильдинова, «Жалын» олимпиада резервтерінің жаттықтырушысы Б. Н. Горшаков, лицейлік сынып оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

Орталық мамандары мектеп оқушыларын, педагогтарын және ата-аналарды оқушылардың зияткерлік жарыстарымен және конкурстық формаларымен таныстырды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың назары тапсырмаларды іріктеуге, жеке жоспарларды құрастыруға, сабақ тақырыптарын анықтауға, олимпиада материалдарын қолдануға, материалдарды тереңдетуге аударылды.

Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н. В. Копыльцова дарынды балалармен оқытудың инновациялық формаларын дамыту бойынша мектеп жұмысының тәжірибесін ұсынды.

Бұдан басқа, дөңгелек үстелге өз жетістіктерімен бөліскен, олимпиада және ғылыми жобалар жүлдегерлері санынан мамандандырылған мектеп оқушылары қатысты. Химиядан халықаралық олимпиада жүлдегері, республикалық олимпиада жеңімпазы, Назарбаев университетінің студенті Мұрат Тлеуханов пәндік олимпиадаға дайындық жүйесі туралы айтты.

«Қоғам барлық уақытта дарынды, талантты жас ұрпақты қажет етеді. Өз қабілетін біреудің көмегінсіз тарату барлық баланың қолынан келе бермейді. Бірінші кезекте дарынды балаға отбасы және мектеп қолдаукөрсету керек. Отбасының міндеті - баланың қабілетін байқаудан, көруден тұрса, мектептің міндеті - балаға қол ұшын беру және оның қабілеттерін дамыту», - дейді мектеп директоры Зауреш Дауленовна Ахмадова.