ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қауіпсіз мектеп» айлығы
14-10-2016 12:30
«Қауіпсіз мектеп» айлығы

«Қауіпсіз мектеп» айлығының шеңберінде қала мектептерінде «Назар аударыңыз - балалар!» акциясы өткізілді, жол полициясы инспекторларын шақыру арқылы түсіндіру-алдын алу жұмыстары, «Правила дорожного движения глазами детей» сурет сайыстары, «Жолдағы қауіпсіздік» насихаттау бригадаларының сөз сөйлеулері, «Қауіпсіз дөңгелек» шығармалар сайысы, флэш-мобтар ұйымдастырылды, Жол ережелері бойынша білімдерін тексеру срездері өткізілді. Аталған шаралардағы жалпы қамту 35000 астам оқушыны құрады.

Қаланың барлық мектептерінде жол қауіпсіздігінің Төлқұжаттары әзірленді. Төлқұжатта мектепке дейінгі қауіпсіз жол бағыты, мектептен балалар жиі баратын орындарға (балалар ойын сауық орталықтары, емханалар, белсенді демалу орындары) бару бағыты көрсетілген. Төлқұжаттар мектептердің ақпараттық стендтерінде жайғастырылды.

Оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру кезінде қауіпсіз жағдайлар жасау, балалар өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала мектептерінде оқушыларды жолда жүру ережелеріне оқыту және балалар жол-көлік жарақаттылығының алдын алу бойынша шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Басатуыш сынып оқушылары үшін бағдарлық парақшалар, ата-аналар үшін нұсқаулықтар жасалды. Оқушылардың көліктердің барлық түрлеріндегі қауіпсіздік тәртібі бойынша нұсқау берулер өткізіліп тұрады.