ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық конкурсының қорытындысы
14-10-2016 04:24
Республикалық конкурсының қорытындысы

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурс қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта Павлодар қаласының № 19 ЖОМ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Серікбаев Алмас Сансызбайұлы «Мобильді қосымшаларды әзірлеу әдісі (Android-Delphi XE5)» бағдарламасы үшін І орынға ие болды, № 16 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Ликарь Наталья Александровна «Электронды оқыту жағдайында физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» бағдарламасы үшін ІІ орынға ие болды.

Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары республикалық жинақта жарияланып, дарынды балаларды оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылады.

2016 жылдың 12 - 13 қазан күндері Алматы қаласы «Алатау» шипажай базасында жалпы орта білім беру және мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа Қазақстанның 218 мұғалімі қатысты. Павлодар облысының намысын 18 педагог қорғады.