ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық технологияларды қолдануы бойынша жұмыс тәжірибелерін зерделеу
13-10-2016 12:24

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуді дамыту департаменті «Қазақстанда математикалық білім беруді дамытудың жағдайы мен перспективаларының тұжырымдамалық жолдарын» әзірлеу аясында 2016 жылғы 10 - 12 қазанда Павлодар қаласының - «Радуга» үйлесімді даму орталығы, № 4 сәбилер бақшасында дала зерттеулері жүргізілді.

№ 96 балабақшаның педагогикалық ұжымы 3-тен 7 жасқа дейінгі балалардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша дамытушы бағдарлама, сабақ конспектілері мен бағдарламаға жұмыс дәптерлерін құрастырды.

№ 4 балабақша қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудағы ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Танымдық қызметтің қарапайым дағдыларын қалыптастыру үшін балабақшаларда ғылым, математика орталықтары құрылды.

Зерттеу барысында республикадағы 10 мектепке дейінгі мекемеде инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану арқылы мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша тәжірибе, сабақтың тиімділігін арттыру үшін қолданылатын әдістемелер, құралдар мен оқу-әдістемелік материал, тәрбиелеу-білім беру процесіне инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу жолдары жалпыланып, педагогтарды кәсіби дамытуды сүйемелдеу жүйесі зерделенетін болады.